Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы атанды

104

Отандасымыз турнирде мерзімінен бұрын чемпион атанып, 36,4 млн теңге табыс тапты.  

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы атанды Фото: norwaychess.no

Жарыстың 9-туры аясында ол украиналық гроссмейстер Анна Музычукпен кездесіп, негізгі партияны тең нәтижемен аяқтады. Бұл нәтиже Асаубаеваға соңғы турға дейін-ақ жалпы жеңісті қамтамасыз етуге жеткілікті болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қорытынды есеп бойынша қазақстандық шахматшы 16,5 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке дара көш бастады.

Жарысқа 4 елден (Қытай, Үндістан, Украина және Қазақстан) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты. ​

Бибісараның қарсыластары:

  • Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – қазіргі әлем чемпионы;
  • Чжу Цзиньэр (Қытай) – әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы;
  • Хампи Конеру (Үндістан) – әлем шахматының белді өкілі;
  • Анна Музычук (Украина) – "Norway Chess Women" турнирінің былтырғы жеңімпазы;
  • Дивья Дешмукх (Үндістан) – әлем кубогының иегері. ​

Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.

Турнир форматы: жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз "Армагеддон" (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.

Жеңімпазға үшін ұйымдастырушылар 700 000 норвегиялық крон көлемінде жүлде қарастырған. Бұл сома қазіргі айырбас бағамымен (1 NOK = 52,03 теңге) есептегенде шамамен 36,4 миллион теңгені құрайды. Осылайша Бибісара Асаубаева турнирдің соңғы турына дейін-ақ айқын басымдықпен чемпиондық атақты иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу