Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровпен шаңырақ көтереді

203

Жавохир Синдаровтың атасы Бибісара Асаубаевамен үйлену тойы туралы айтты.

Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровпен шаңырақ көтереді Фото: instagram/bibisarachess

Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың атасы Комил Синдаров немересінің қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаевамен үйлену тойы өтетінін растады, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Комил Синдаровтың айтуынша, Жавохирдің кәсіби қызметіне байланысты оның өмірлік серігінің шахматты түсінуі маңызды рөл атқарады. Өйткені жас шахматшы жылдың басым бөлігін шетелде, халықаралық жарыстарда өткізеді. Бұл туралы журналист Олимжон Усаровқа берген сұхбатта айтты. 

"Үйлену тойы болады. Бұл некеден үмітіміз зор. Егер Жавохирді шахмат әлемін түсінбейтін басқа бір қызға үйлендірсек, бұл қиындық тудыруы мүмкін. Қазір ол жылдың 12 айының 11 айын шетелде, жарыстарда өткізеді. Онымен бірге сапарлап жүру керек. Ал шахматқа қызықпайтын адам үшін бұл үлкен қиындық болар еді. Сондықтан бұл одақ бізге барлық жағынан қолайлы", – деді гроссмейстрдің атасы. 

Сондай-ақ Комил Синдаров Бибісара Асаубаеваның Қазақстаннан болуы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететінін айтты. Ол сөзінде Әмір Темірдің ұрпақтарына жар таңдағанда өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуға мән бергені туралы тарихи мысал келтірді.

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың қарым-қатынасы биыл көктемде көпшілікке белгілі болды. Олардың бірге түскен суреттері мен Парижге жасаған сапарынан кейін жұптың арақатынасы туралы ақпарат тарады. Кейін Синдаровтың отбасы бұл одақты қолдағаны хабарланды.

Қазір екі гроссмейстер де халықаралық жарыстарға қатысып, шахматтағы мансабын жалғастырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу