Бибісара Асаубаева Өзбекстан құрамасының көшбасшысынан жеңілді

95

Блиц кезеңінің жеңімпазы жеті ұпай жинаған норвегиялық Магнус Карлсен атанды.

Бибісара Асаубаева Өзбекстан құрамасының көшбасшысынан жеңілді Фото: FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінде Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Нодирбек Абдусатторовпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алтыншы турда өткен партияда Абдусатторов қара фигуралармен ойнап, жеңіске жетті. Кездесу блиц бағдарламасының швейцариялық жүйе бойынша өткен кезеңі аясында ұйымдастырылды.

Тоғыз турдың қорытындысы бойынша Асаубаева небәрі 0,5 ұпай жинап, 24 қатысушының арасында соңғы орынға тұрақтады. Ал Абдусатторов 3,5 ұпаймен 19-орын алды.

Блиц кезеңінің жеңімпазы жеті ұпай жинаған норвегиялық Магнус Карлсен атанды. Екінші орынды француз Максим Вашье-Лаграв (6,5 ұпай), үшінші орынды америкалық Левон Аронян (6 ұпай) иеленді.

10-20 қараша аралығында өтіп жатқан турнир блиц, рапид және жылдам классика сайыстарынан тұрады. Келесі кезең бүгін, 11 қарашада басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу