Биліктегілер пиязға қатысты жағдайды түсіндірді

Ресейліктер алдын-ала келісімшарт жасасып, агрессивті экспортты бастады.  

Биліктегілер пиязға қатысты жағдайды түсіндірді Фото: pro-dachnikov.com

Елімізде пияз көп, экспортқа шығармауға амал жоқ. Бірақ маусымаралық кезеңдегі баға динамикасы басқаны меңзейді. 

Мәжілісте өткен Үкімет сағаты барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда пияз өндірісі тұтынудан төрт есе көп екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Көкөністерге ұсыныс сұраныстан асып кетсе де, ашық нарықтық экономикада бұл олардың ішкі нарықтағы бағасының тұрақты болуының кепілі емес. Бізге пияз өндірісін азайту керек, қазір өзімізді осы көкөніспен толық қамтамасыз етеміз деп айта аламын. Егер біз сақтау мәселелерін шешетін болсақ, онда пиязды желтоқсанға дейін емес, сәуірге дейін сақтауға болады және бағалар тұрақталады. Ішкі нарықты қорғау үшін экспортқа шектеу қойдық, бірақ ішкі нарық қамтамасыз етілгені туралы ақпарат алғаннан кейін, біз бұл шектеуді тез арада алып тастадық", – деді министр.

Өз кезегінде мәжілісмен Альберт Рау, өнім көп болса баға динамикасын халыққа қалай түсіндіреміз? дегенді меңзеді. 

Бұл сұраққа Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев жауап берді. Айтуынша, елде пияз сынды жемістер екі-үш есе көп өндірілгенімен, оны сақтау жолға қойылмаған. 

"Альберт Павлович, маусымаралық кезеңде мұндай болады. Бірақ бұл жаңалық емес. Ол неге байланысты? Біріншіден, пияз бойынша ресейліктер бүгін алдын-ала келісімшарт жасайды, агрессивті экспорт орын алады. Егіс алқабынан өнім 35-50 теңгеге сатып алынады. Соған қарамастан қазір біз оларға экспортты тоқтата алмаймыз. Өйткені экспорттамайтын болсақ пияз шіріп кетеді. Біз нақты не ұсынамыз? Бүкіл Қазақстанға 1,2 млн-нан 300 мың қажет, мақсатты индикаторымыз – бұл қала халқы. Осы аптада Қызылордада күріш жәрмеңкесі өтіп жатыр, онда тұрақтандыру қорлары бойынша ӘКК келісімшартын жасаймыз", – деді вице-министр.

Бұл ретте ол Батыс Қазақстан облысын мысалға алды. 

"БҚО шаруалары өткен жылы алдын ала келісімшартқа отырды, биыл оларда баға өскен жоқ. Маусымаралық кезеңде оларда инфляция нөлге тең. Себебі олар Жамбыл облысымен 15 мың тоннаға келісімшарт жасап, оларды сақтауға берді. Сақтаумен айналысатын бізде жетекші екі аймақ бар. Олар Қордай және Шу аймақтары. Бұл қос өңір сақтау технологиясын жақсы ұстанады", – деді спикер. 

Вице-министрдің айтуынша, бұл тұста басты мәселе – форвардтық қаржыны шаруаларға беру. Бүгінгі таңда 94 млрд теңге бұл ӘКК өңірлерге бөлетін сома. Осы күзде өзімізді пиязбен қамтамасыз ету үшін бізге 94 млрд доллар қажет емес. Нарықтағы жағдайға әсер ету үшін бізге тек 25 мың тонна пияз қажет. 25 мың тонна – пияздың келісінің құны 70 теңге, сақтау үшін төленетін ең жоғары баға – 10 теңге", – деп түсіндірді Шаққалиев.

Жалпы алғанда, өнім 5 ай сақталады. 

"+15% үстеме, пияздың бағасы 170 теңгеден аспауы керек. Сондықтан биыл, осы күзден бастап біз осы жоспарды ұстанамыз. Басқа нұсқалар жоқ. Мұның бәрі ақпараттық жүйеге енгізіледі. Яғни, ӘКК ақша бөледі, біз оның қандай көкөніс қоймасын сақтайтынын, қандай сауда желісіне беретінін көреміз. Әрине, бізде нарықтарға қатысты сан сауал бар", – деді Арман Шаққалиев. 

Бұл ретте ол мониторингтік топ, Бас Прокуратура, ІІМ барлық сауда алаңдарындағы баға динамикасын тексеретінін атап өтті. 

Еске сала кетсек, мониторингтік топ Қазақстанның барлық базарларын тексеретіні белгілі болды. Бұған Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарында анықталған былық себеп болса керек.  Бақылау барысында сауда алаңында 300-ден аса заң бұзушылық анықталған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу