Билл Гейтс: Жасанды интеллект миллиард адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін

142

Гейтстің пікірінше, АҚШ билігі жасанды интеллектінің дамуын бақылау тетіктері мен қауіпсіздік шараларын заң жүзінде бекітуі аса қажет.

Билл Гейтс: Жасанды интеллект миллиард адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін Фото: AP Photo / Andres Kudacki

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің айтуынша, жасанды интеллект адамзаттың бір миллиардқа жуық өкілі қаза табатын оқиғаларға түрткі болатындай қуатты құралға айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

"Адамзаттың 100 пайызын жойып жіберу өте қиын болғанымен, арам пиғылды адамдар мен жасанды интеллектінің ең озық құралдары тоғысқан қазіргі жағдайға дейін мұндай қуатты қару болған емес", – деді Билл Гейтс NBC телеарнасына берген сұхбатында.

Гейтс бұл салада тек өзін-өзі реттеу жеткіліксіз деп санайды. Оның пікірінше, АҚШ билігі жасанды интеллектінің дамуын бақылау тетіктері мен қауіпсіздік шараларын заң жүзінде бекітуі аса қажет.

"Заңнамалық реттеу бұл салаға белгілі бір қосымша талаптар жүктейді. Алайда бұл олардың атқарып жатқан жұмысының айтарлықтай баяулауына алып келмейді", – деп атап өтті ол.

Жуырда жасанды интеллект модельдерінің нақты компанияларға бағытталған шабуылдарынан кейін жетекші әзірлеуші компаниялардың басшылары ЖИ технологияларын дамыту қарқынын бәсеңдету идеясын қолдады. Мұндай ұсынысты, атап айтқанда, Anthropic компаниясының басшысы Дарио Амодеи де айтты. Ол жасанды интеллектіні бақылаудан айырылу қаупіне, сондай-ақ технологияның кибершабуылдар мен биотерроризм мақсатында пайдаланылу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу