banner

"Бипек авто – Азия авто" жетекшісі Анатолий Балушкин 230 млрд теңге жымқырды деп айыпталды

1323

Бұл ақша қарыздар мен салықтарды төлеуге және зауыт салуға арналған. 

"Бипек авто – Азия авто" жетекшісі Анатолий Балушкин 230 млрд теңге жымқырды деп айыпталды Фото: kolesa.kz

Қаржы мониторингі агенттігі "Азия-Бипэк Авто" директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкинге, "Азия Авто" АҚ бас директоры Ерік Сағымбаевқа және компанияның өзге де топ-менеджерлеріне қатысты 230 млрд теңгеден астам ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Ведомствода бұл қаражатты Балушкин мен Сағымбаев банктік қарыздарды өтеуден және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында ұрлап әкеткен деп мәлімдейді.

Агенттік мәліметі бойынша, бұл қаражатты Балушкин мен Сағымбаев "банктік қарыздарды өтеуден және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында" ұрлап кеткен. 

"Қаражатты банкте кепілдекте тұрған тауарларды қайта рәсімдеу, "Азия - Бипэк АВТО" компаниялар тобының қызметкерлеріне жалған сыйлықақылар беру және БАӘ компаниясымен жалған келісімшарт жасасу жолымен жүзеге асырылды", - деп атап өтті ведомствода.

Қаржы мониторингі агенттігінде Балушкин мен Сағымбаевты 5 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне келуге шақырды. Онда ол "қаулыны жариялауға және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысуы керек".

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың тамызында "Бипэк Авто – Азия Авто" компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілгені белгілі болды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Прагада халықаралық іздеуде жүрген "Бипэк Авто – Азия Авто" компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталғаны хабарланды. Бірақ нақты кім екені көрсетілмеді.

2021 жылы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зауытпен ынтымақтастықты тоқтатты және компаниядан 10 жыл ішінде 405 млн көлемінде алған преференциялар мен жеңілдіктерді қайтаруды талап етті. Сот процестерінен кейін Lada және Kia шетелдік серіктестері "Азия Авто" кәсіпорнында өз көліктерін құрастыруды тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу