Біріккен Араб Әмірліктері әуе компанияларына қосымша қауіпсіздік талаптарын енгізді

165

Жаңа талаптарға сәйкес әуе компаниялары алдын ала рұқсат алуға міндетті.  

Біріккен Араб Әмірліктері әуе компанияларына қосымша қауіпсіздік талаптарын енгізді Фото: martebe.kz

БАӘ әуе компанияларына қосымша қауіпсіздік талаптарын енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Өңірдегі қазіргі жағдайға байланысты БАӘ әуежайларына ұшуды немесе олардан ұшып шығу рейстерін орындауды жоспарлаған барлық шетелдік тасымалдаушылар бағалануы тиіс операциялық тәуекелдерге тап болады, – деп мәлімдеді ТАСС агенттігіне Таяу Шығыстағы әуе қозғалысын басқару қызметтеріндегі дереккөз.

Оның сөзінше, рейстерді жүзеге асыру үшін әуе компаниялары ықтимал операциялық қауіптерді алдын ала бағалап, елдің авиациялық органдарына тиісті өтінім жолдап, рұқсат алғаннан кейін ғана ұшуды орындай алады.

Дереккөздің мәліметінше, бұл талап репатриациялық, санитарлық және мемлекеттік авиация рейстеріне қолданылмайды.

Айта кетейік, осындай шектеулер бұған дейін АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы кезінде де енгізілген болатын.

Қазіргі мәлімет бойынша, ескерту шамамен 5 шілдеге дейін өз күшінде қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу