"Бірлігімізді көрсетейік": Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарға көмектесуге шақырды

7783

Әнші су басқан өңірлердегі қиналған жұртқа бей-жай қарамай, қол ұшын созуға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бірлігімізді көрсетейік": Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарға көмектесуге шақырды Фото: @kudaibergenov.dimash
ckquote>

– Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірлерінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, көлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекендерді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен. Мұның себеп, салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз. "От пен су – тілсіз жау" – қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын! – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу