Бишімбаев кінәсін мойындамады

5742

Мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқып болды. 

Бишімбаев кінәсін мойындамады Фото: Inbusiness.kz

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев айыптау актісін түсінгенін айтып, бірақ өз кінәсін мойындамайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр.

"Айыптау актісі маған түсінікті, бірақ айыптаумен келіспеймін, өзімді кінәлі деп санамаймын. Менің жалғыз өтінішім — соттың ашық түрде, БАҚ қатысуымен өтуін сұраймын", — деді Қ.Бишімбаев.

Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Отырыс алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстары, Бишімбаевтың ата-анасы, сондай-ақ олардың қорғаушылары қатысып жатыр.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қараша күні ұсталғанын еске саламыз.  Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу