Биыл БЖЗҚ клиенттерінің 40%-дан астамы аударым жасамаған

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3841

Халықтың бір бөлігінің зейнетақы жарнасын төлеуге құлықсыздығынан түсімдер көлемін инвестициямен толықтыруға тура келген.

Биыл БЖЗҚ клиенттерінің 40%-дан астамы аударым жасамаған

2018 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары бойынша негізгі кассалық түсімдерді қалыптастыратын салымшылардың қатары қысқарғанын көрсетіп берді. Қорға түскен 407,5 млрд теңгенің 99,9%-ы алты ай бойы аударым жасап отырған 4,1 млн адамға тиесілі.

Биылғы жылдың қаңтар-маусымында барлығы 9,7 млн адамның 5,6 млн-ы аударым жасаған. Басқаша түсіндірер болсақ, биыл еңбекке жарамды қазақстандықтардың 42%-дан астамы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақша салмаған. Салыстырмалы түрде алғанда, 2017 жылы МЗЖ көлемі 756,1 млрд теңгені құрады. Бұл соманы 5,9 млн адам аударған. Былтырғы көрсеткіш 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8%-ға жоғары болды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы МЗЖ бойынша түсімдердің 11%-ға өскенін көрсетіп отыр.

Зейнетақы жарналардың барлық түрлері бойынша қордың мерзімаралық қорытындысы көңілге қонарлық. 2018 жылғы маусымның басында жиынтық зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 663 млрд теңгеге (9%) өсім көрсетіп, 8,4 трлн теңгені құрады. 2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында міндетті жарналар жылға шаққанда 41,1 млрд-қа, 407,5 млрд теңгеге дейін (жарналардың қайтарылуын қоспағанда) өсті.

Көріп тұрғанымыздай, БЖЗҚ алдында қорға түсетін түсімдердің негізін құрайтын МЗЖ-ны барынша арттыру, болмаса төмендеп кетпеуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ұлттық экономика министрлігі еңбек нарығында тұрақтылық орнағанын ресми мәлімдесе, ал статистика зейнетақы жарналарын төлеушілер санының азайып кеткенін жария етуде.

2018 жылдың І тоқсанында (бұдан кейінгі жаңа есеп болған жоқ) жұмыс күші елімізде 8,9 млн адам болды. Халық санына шаққандағы жұмыс күшінің үлесі 69,5%-ды құрады. Жұмыспен қамтылған халық 8,5 млн адам деп бағаланса, ал жұмыс күшімен қамтылу деңгейі – 95,1% болды. 2017 және 2016 жылдардағы 1 тоқсанның мәліметтері еңбек нарығы бойынша күрт өсімді көрсетіп отырған жоқ. Көрсеткіштер шамалас: 8,9 млн жұмыс күші, тек жұмыспен қамтылғандар 8,4 млн адамға жеткен екен.

Тұрақты зейнетақы төлеушілер қатарының артуына фискальдық жүктеменің өсуі әсер еткен. Өйткені отандық бизнес өзінің қызметкерлерінің бір бөлігін азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шартпен жұмыс істеуге ауыстыра бастады. Еліміздегі заңнама осындай шарттар бойынша зейнетақы жарналарын ерікті түрде аударуға рұқсат берген болатын. Тек биылғы жылдың шілдесінен бастап ол бойынша да зейнетақы жарналарын аударуды міндетті ете отырып, жағдайды реттеу қолға алынды.

Зейнетақы қорын толтыру міндеті БЖЗҚ-ны халықтың қаржылық сауатын ашуға ынталандырады. Атап айтқанда, БЖЗҚ жыл басынан бері түрлі бұқаралық байланыс құралдары арқылы зейнетақы жүйесі туралы 12 мыңнан астам материал жариялаған. Сонымен қатар қор кәсіпорындарда 12 мыңдай таныстырылымдар өткізіп, онда 300 мыңнан астам адам қажетті ақпаратпен құлақтанды. Бұл жұмыс 2017 жылдың әл осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе көп жүргізілген болып табылады.

Бұдан бөлек БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау жобасын іске асырып жатыр. Ол бойынша қор бөлімшесінде қазіргі төлімдерді негізге ала отырып, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңды есептеуге мүмкіндік бар. Жоба бүгінгі таңда 118 мыңнан астам кеңес берген.

Зейнетақы түсімдеріне қатысты қайта оралсақ. 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында ерікті түрде аударым жасалған жеке есепшоттарды саны мен жарналардың өскені байқалады. Атап айтқанда, наурыз айында есепшоттарға 8,7 млн теңге, сәуірде – 10,5 млн теңге, маусымда 50 млн теңге ақша түскен. Егер бұған дейін мұндай жарналарды негізінен жұмыс берушілер жасап келген болса, ендігі жерде салымшылар да ерікті түрде жарна аудара бастады. Аймақтарда жағымды өсім көрсеткен Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстары болып отыр.

Қор өз есебінде салымдар базасындағы 2015-2017 жылдар аралығында жарна мүлдем түспеген немесе жүйелі түрде түспеген есепшоттар біріздендірілгенін мәлім етеді. Сондай-ақ, биылғы жылдың ақпан-маусымында қор 218,4 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатқан. Міндетті жарнаның орташа мөлшері 15,6 мың теңгены құрайды, бұл еліміздегі орташа жалақыға тең.

Активтер сомасын арттыру тұрғысынан келгенде БЖЗҚ-ның жартыжылдық есебіне басқарушы компаниялардың инвестициялық қызметі де дем берген. Таза инвестициялық кіріс былтырғы жылғы сәйкес кезеңіндегі 205,7 млрд теңгемен салыстырғанда 356,4 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері қазақстандықтардың есепшотына үлестірілген кірістілік инфляциядан 2,6% деңгейінде асып түсіп, 4,5%-ды құрады; БЖЗҚ активтерінің жылға шаққандағы кірістілігі 5,9%-дық инфляция тұрғысынан алғанда 9,5%-ды құрады.

БЖЗҚ инвестициялық портфелінде өзгеріс болған жоқ. Зейнетақыы активтерінің 46,7%-дайы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына, 17,93%-ы – екінші деңгейлі банктердің қаржы құралдарына (облигациялар – 14,22% және депозиттер – 3,71%), 10,22%-ы – шет мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздарына, 8,66% – квазимемлекеттік сектордың облигацияларына инвестицияланған.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары негізінен теңгелей (67,89%), доллармен (31,60%) және рубльмен (0,41%) белгіленген.

Соңғы уақыттарда БЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінде "ААА"-дан "ВВВ"-ға 64,35 %-дан 74,82 %-ға дейін рейтингте, тәуекел деңгейі төмен қаржы құралдарының көбейіп келе жатқаны байқалады. Зейнетақы активтерінің 14,28%-дық тағы бір бөлігі тәуекел дәрежесі бірқалыпты ("ВВ+"-тен, "В-"-ке дейінгі рейтинг) қаржы құралдарына орналастырылған.

Құны 798 млрд теңгені құрайтын қаржы құралдары рейтингілік бағалауға ие емес, дегенмен олардың тәуекел сапасы эмитенттерінің адекватты кредиттік рейтингілерімен расталып отыр. БЖЗҚ-ның маусымдағы инвестициялық кірісінің 70%-ы ІІ тоқсанда теңге әлсіреп, бағамның құбылуы есебінен қалыптасқанын қордың инвестициялық қызметіне жасалған қысқаша қорытындысынан түсіндік.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу