Өңдеу өнеркәсібінде жыл соңына дейін 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол бүгінде 147 жоба жүзеге асқанын атап өтті. Нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.
Олардың ішінде қытайлық Chery, Changan, Haval және Tank брендтерінің жеңіл автомобильдерін, тамақ өнеркәсібіне, тұрмыстық техникаға арналған алюминий қаптамаларын, сондай-ақ жүнді қайта өңдеу және тоқыма материалдарын өндіру бойынша жобалар бар.
"Аталған жобалар толық өндірістік қуатына шыққан кезде өңдеу өнеркәсібінің көлемі жылына 2,3 трлн теңгеге ұлғаяды", – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу