Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 19,3 трлн теңге салық түсті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Салық реформасы бюджеттің кіріс базасын нығайтудың негізгі факторына айналып, ағымдағы сын-қатерлер жағдайында да түсімдердің елеулі өсімін қамтамасыз етті. Нәтижелер қабылданған шаралардың фискалдық тиімділігінің жоғары екенін және мемлекеттік қаржы тұрақтылығының артқанын көрсетуде. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 19,3 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 трлн теңгеге немесе 18,2%-ға ұлғайды", – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, өсімнің негізгі драйвері қосымша құн салығы болды. Ол бойынша түсімдер 37,3%-ға өскен.
Оның ішінде ішкі өндіріс тауарлары бойынша – 54,1%-ға, импорт бойынша – 23,9%-ға.