Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды – Саясат Нұрбек

605

ҰБТ-ға қатысу үшін 239 мыңнан астам адам тіркелді. 

Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды – Саясат Нұрбек Фото: Үкімет

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалғанын, талапкерлер тестілеуді екі рет тапсыра алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҰБТ-ға қатысу үшін 239 мыңнан астам адам тіркелді, оның ішінде колледж түлектері мен өткен жылдардың мектеп бітірушілері де бар. Шамамен 200 мыңы – биылғы мектеп түлектері", – деді министр.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. 

"Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз сақталды. Талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, грант конкурсына ең жоғары нәтижемен қатыса алады. Тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушылар дұрыс және қате жауаптар туралы ақпаратпен қатар, нәтижелердің толық талдауын алады. Бүгінгі таңда тестілеуден 80 мыңнан астам адам өтті", – деп атап өтті Саясат Нұрбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу