Биылғы әлем чемпиондарын кубок пен алтын медальдан басқа да сыйлық күтіп тұр

Осылайша, жеңімпаз командаға жеңістің жаңа символы табысталмақ.   

Биылғы әлем чемпиондарын кубок пен алтын медальдан басқа да сыйлық күтіп тұр Фото: inform.kz

Тарихта тұңғыш рет мундиальдың алтын иегерлері чемпион жүзігін тағады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Чемпиондар жүзігі жобасы турнирдің өткізілу жылына сәйкес келетін 2026 жылмен, яғни 2026 данамен сәйкес келеді. Оның ішінде 30 ультра-эксклюзивті жүзік әлем чемпиондары үшін сақталса, 1996-сы бүкіл әлемдегі жанкүйерлер мен коллекционерлерге қолжетімді болмақ. 

Әр сақинаның екі жақты дизайны бар. Бір жағында ФИФА әлем чемпионатының кубогы, ал екінші жағында жеңімпаз елдің түстері мен белгілері жазылады. 

Чемпиондар жүзігі әрбір ойыншы мен қызметкер үшін жеке жасалып, сериялық нөмірлері мен түпнұсқа сертификаттарымен бірге табысталады.

– Финалдан кейін бірден жеңімпаз команданың капитаны мен бас бапкеріне уақытша жүзіктер беріледі. 30 сақинаның әрқайсысы арнайы тапсырыс бойынша жасалады және кейінірек ресми түрде табысталады. Бұл олардың жетістігін өмір бойы естерінде сақтап тұрады, – делінген ФИФА мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу