Біз сіздердің лайықты білім алуларыңыз үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз – Мемлекет басшысы

228

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті.

Біз сіздердің лайықты білім алуларыңыз үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 конференциясы аясында жастармен диалог жүргізді, деп жазады, inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Президенті халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанған жасөспірімдерді осынау бірегей форумға қатысу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады.

Оның айтуынша, бұл – өз қарым-қабілетіңді әлемге, соның ішінде мемлекеттер басшыларына паш ететін орайлы сәт.

– Аға буынның парызы – талантты жастардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасау. Бұл, шын мәнінде, мемлекеттік маңызы бар міндет. Біз сіздердің ешқандай қиындықсыз лайықты білім алып, осы күрделі әлемде мемлекеттеріміздің өсіп-өркендеуіне және қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу