2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

"Біз тізе бүгіп, бас иген жоқпыз": Иран президенті АҚШ-қа қатысты батыл мәлімдеме жасады

Бұл туралы NBC News басылымы жазды.

"Біз тізе бүгіп, бас иген жоқпыз": Иран президенті АҚШ-қа қатысты батыл мәлімдеме жасады Фото: REUTERS / Mike Segar

Иран президенті Масуд Пезешкиан Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына қатысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл – АҚШ-пен соғыс жағдайындағы ел басшысының аталған ұйым алдында алғаш рет сөз сөйлеуі.

– Америка мен Израиль бізге заманауи технологиялар мен қару-жарақ жүйелерін қолдана отырып шабуыл жасады, ал халқымыз оған табандылықпен төтеп берді. Иә, олар бізге соққы жасады, бірақ біз тізе бүккен жоқпыз және басымызды иген жоқпыз, – деді Пезешкиан.

Иран президенті Дональд Трамптың Иранды түсінбейтінін айтып, қақтығысты тоқтатудың жолын ұсынды. 

– Иранды Трамп мырза және бізді қорқытуға тырысқандар түсінуі керек. Біз диалогқа, дипломатияға және келіссөздерге дайынбыз, бірақ күш көрсету тілін қабылдамаймыз, – деді ол. 

Пезешкианның сөзінше, Иранның қорғаныс қуаты елді қорғауға бағытталған және Тегеран өзін қорғау үшін ешкімнің рұқсатын қажет етпейді.

– Иран ядролық қаруды қауіпсіздік факторы деп санамайды. Десе де, біз ғылымға, өнеркәсіпке және бейбіт атом энергетикасына деген құқығымыздан бас тартпаймыз. Ашық айтайық: ядролық қаруға – жоқ, ядролық білімге деген құқықтан айыруға – жоқ, – деді Пезешкиан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу