"Біз жалғыз емеспіз": Франция мен Ұлыбритания Украинаға әскер кіргізеді

Украина, Франция және Ұлыбритания арнайы декларацияға қол қойып отыр. 

"Біз жалғыз емеспіз": Франция мен Ұлыбритания Украинаға әскер кіргізеді Фото: press.lv

Құжатқа сай, соғыс қимылдары тоқтаған соң қос ел Украина аумағына әскери контингент орналастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ал атысты тоқтату режимінің сақталуын АҚШ бақыламақ. 

Франция президенті Эмманюэль Макрон аталған шешімді "Украинаның қауіпсіздігін ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге бағытталған нақты кепілдік" деп атады. 

– Украинаға тек саяси емес, нақты әскери қолдау көрсетеміз. Бұл – тұрақты бейбітшілікке апаратын жол, – деді ол.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де келісімді растап, әріптесін қолдаған. 

– Біз Украина жерінде қауіпсіздік миссиясын атқаруға дайынбыз. Бұл – агрессияның қайталануына жол бермеу үшін қажет, – деді британ Үкіметінің басшысы.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі атысты тоқтату режимін бақылау міндетін өз мойнына алатынын мәлімдеді. Ақ үйдің өкілінің сөзінше, АҚШ бейбіт келісімнің орындалуын қадағалап, тараптардың міндеттемелерін сақтауына кепіл болады. 

Украина президенті Владимир Зеленский де бұл келісімге "ел қауіпсіздігі үшін маңызды қадам" деп баға берген. 

– Бұл – Украина үшін нақты қорғаныс кепілдігі. Біз жалғыз емеспіз, – деп сөзін толықтырды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу