Біздің барлық мектептеріміз бен университеттеріміз халықаралық деңгейде мойындалған – Динара Құлыбаева

Қазақстандағы ең ірі білім қорының құрылғанына 25 жыл толды.

Біздің барлық мектептеріміз бен университеттеріміз халықаралық деңгейде мойындалған – Динара Құлыбаева Фото: NNEF қоғамдық қоры

Алматыда Қазақстандағы ең ірі білім ұйымдарының бірі – 'NNEF' Public Foundation, яғни, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының 25 жылдығы өтті. Жиынды қордың құрылтайшысы Динара Құлыбаева ашып, ұстаздар қауымын құттықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

"Қордың достары мен серіктестеріне қолдаулары мен тұрақты көмектері үшін ерекше алғысымды білдіремін, әрине, біздің жобаларымызға үнемі қамқорлық жасайтын меценат Тимур Асқарұлына үлкен рахмет", – деген Динара Нұрсұлтанқызы, бүгінде Қордың  білім беру саласындағы тұтас ғаламға айналғанын атап өтті.

"Бүгінгі таңда біздің қор 32 000 оқушы мен студентті және 6 000 қызметкерді біріктіреді, олар үшін біздің ұйымның бір бөлігі болу әрқашан тұрақтылықтың, жаңашылдық пен алға жылжудың кепілі болды. Бес жыл бұрын біз цифрлық Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуды мақсат еттік және ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Қордың бүгінгі таңдағы стратегиясы жаһандық трендтерге жауап беретін инновациялық білім беру экожүйесін дамытуға бағытталған", – деді Қордың құрылтайшысы.

1998 жылы 15 желтоқсанда құрылған ұйым "балабақша – мектеп – ЖОО" үлгісімен еліміздегі ең үздік балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарының басын қосып отыр. Олардың қатарында Алматы, Астана, Атырау қалаларында "Мирас" балабақшалары мен Астана, Алматы қалаларында осы аттас халықаралық мектеп, Алматы халықаралық мектебі, "Арыстан" мамандандырылған лицейі жұмыс істейді. Қор сонымен қатар К.Сағадиев атындағы ХБУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Astana IT Университеті, ҚБТУ, Алматы энергетика және байланыс университетінің құрылтайшысы.

Қор жанындағы балабақшалар мектепке дейінгі білім берудің халықаралық талаптарға сай, Монтоссори бағдарламасы, халықаралық бакалавриат сынды үздік бағдарламаларын ұсынады.

Ал халықаралық "Мирас" мектептері 2000 жылдан бастап 12 жылдық білім беру, халықаралық бакалавриат сынды бағдарламаларды жүзеге асыруда. 2012 жылы Үкімет қаулысымен халықаралық мектеп статусы берілген білім ордасында өткен 24 жылда 45 елдің студенттері білім алып, 40 мемлекеттің мамандары дәріс берген. Білім саласындағы халықаралық сертификаттардың басым бөлігін иеленген мектеп түлектерінің басым бөлігі дипломдық бағдарлама бойынша ең жоғарғы 45 баллдан 40 балл алып, үздік нәтиже көрсетуде.

Мерекелік шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері мен ұйым құрамындағы білім ошақтарының басшылары, ұстаздар қауымы бастаған 700-ден аса адам болды. Өнерлі студенттер мен курсанттар ән мен биден шашу шашты.

"Біріншіден бұл балабақшадан жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің барлық сатысын қамтитын білім беру қоры. Бұл Үкімет деңгейінде қалыптастыру үшін талқыланып жатқан бірыңғай үздіксіз білім беру жүйесі.  Бүгінде қор құрамына Орталық Азиядағы ең үздік университеттер кіреді. ҚБТУ – ең мықты университеттердің бірі. Бүгінгі таңда қор университеттік альянстарды дамытуға қатысады, бірінші кезекте бұл 5 университет – ҚБТУ, ХАТУ, Астана IT университеті, UIB және АУЭС. Барлығын біріктірсек, барлық сала, мамандықтар қамтылады. Білім беруді жоғары сатыда дамыту барлық бағыттар бойынша жүріп жатыр. Біздің университет техникалық жағынан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған", - дейді қор құрамына кіретін ҚБТУ ректоры Ғабдуллин Маратбеков.

Астана IT университетінің ректорының м.а Серік Өмірбаевтың айтуынша "NNEF" қоғамдық қоры мектепке дейінгі білім беру деңгейінен бастап жоғары оқу орны мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне дейінгі жобаларды жүзеге асыру арқылы жалпы ұлттық білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосты.

"Бұл жобалардың барлығы сәтті болды. Мысалы, "Мирас" мектебінде халықаралық бакалавриат бағдарламалары жүзеге асырылады. Қордың қарамағында түрлі сала мамандарын даярлайтын бес университет бар", – дейді Серік Өмірбаев.

Сондай-ақ, мерекелік шара барысында ең үздік ұстаздарға 9 аталым бойынша сыйлықтар табысталды. "Қазақстандық және халықаралық білім беру саласындағы сарапшы", "Университет ғылымының үздік қайраткері", "Инновациядағы көшбасшы", "Академиялық әлеуетті дамытудағы үздік тәлімгер", "Шығармашылық әлеуетті дамытудағы үздік тәлімгер", "Спорттық әлеуетті дамытудағы үздік тәлімгер", "Кәсіби шеберлік жұлдызы", "Қордың үздік серіктесі", "Ұрпақтардың адалдығы мен адалдығы аталымдарында" 71 мұғалім мен ұстаз, ғалымдар, мектептер мен ЖОО басшылары марапатқа ие болды.

Еске сала кетсек, 'NNEF' Public Foundation "Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры" ретінде 1998 жылы құрылды. 25 жыл ішінде ұйым еліміздегі білім сапасын арттыруға, жаңа технологияларды дамытуға елеулі үлес қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу