Бизнесмен: Naimi.kz үш айдан кейін пайда әкеле бастайды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
16717

"Naimi.kz" ЖШС-нің коммерциялық директоры Мағжан Мадиев жобаның пайда түсіруге қалай қарқынды шығып жатқаны туралы abctv.kz сайтына айтып берді.

 Бизнесмен: Naimi.kz үш айдан кейін пайда әкеле бастайды

-  Сіз қолда бар жоба идеясына қалай келдіңіз? Сол уақытта Қазақстанда болдыңыз ба, әлде оған ұқсас сервистерде болдыңыз ба?

-  Біздің топта екі компания болды. Олар digital-агенттік және клинингтік компания. Бизнес қарқынды дамып жатты, алайда біз барлығымыз қалайда жылдам өсу туралы ойлап жүрдік. Содан кейін екі компанияның жұмысын біріктіріп және жеке орындаушылар үшін платформа жасау идеясы туды. Қазақстанда мұндай идеясы бар сапалы жоба болған емес, тіпті шетелдің өзінде бұл нарықтың диджитализациясы  жаңа құбылыс болды. Naimi.kz сервисі 2015 жылдың қаңтарында құрылды. Жоба бастау алған кезде сервистік базасында 3000 маман тіркелген болатын, ал сайт арқылы келіп түсетін өтініштердің саны күніне 10-нан аспайтын. 2016 жылдың ақпан айында  екі қосымша түрінде мобильді құрылғылар үшін қолжетімді болады. Біреуі-тапсырыс бершілер үшін, ал екіншісі орындаушыларға. Қазіргі күні Naimi.kz сервисінде 10 мың маман тіркелген, ал мобильді құрылғы арқылы келіп түсетін өтініштер күніне 200-ден асады. Мобильді қосымшаны қолданушылардың жалпы саны  42 мың адамнан асады, ал сервистің жұмыс істеген уақытынан бастап орындалған өтініштер 24 мыңнан асып, жалпы сомасы 200 млн. теңгені құрады.

-  Яғни, Naimi.kz 200 миллион тапты ғой?

-  Жоқ, олай емес. 200 миллион теңгені Naimi.kz емес, біздің сервис арқылы тапсырыс алатын жеке орындаушылар тапты. Олар әр тапсырысқа қол жеткізу үшін 50 теңгеден 225 теңгеге дейін төлейді. Төлем жасаудың моделі pay per leads (PPL) деп аталады.

-  Жобаға салынған алғашқы инвестициялар қандай болды? Жобаға қанша инвестор қатысты, олар кімдер? Сіздің өзіңіз болдыңыз ба, әлде тағы да басқа біреу бар ма?Егер басқа біреу болған болса, оған жобаға қатысқаны үшін түскен пайдадан қандай да болмасын бір үлес беруге уәде берілді ме?

-  Біз алғашқы кезде 70 мың долларды инвестицияладық. Содан кейін Ordabasy Ventures қорынан 185,5 млн.теңге инвестициясы бар pre-seed раундты жабтық.

-  Алғашқы кезде жоба қаншалықты тез дамыды? Қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?

-  Naimi.kz өте тез дамыды, алайда ең басты қиындық клиенттердің өтінішін жеке орындашылардан сапалы қосымшалармен қамтамасыз ету болды. Тапсырыстардың өсуі мамандардың базасының өсуінен өте артық болып тұр. Сервиске күн сайын 200 өтініш келіп түседі, оның 36%-ы мамандардың қарауынсыз қалады.

-  Naimi.kz қазір табыс әкеле бастады деуге болады ма? Егер табыс әкеле бастаса, онда шығынсыз кезеңге шығуға және табысты болуға қанша уақыт кетті? Ал егер табыс әкеле бастамаса, онда жобаға әлі көп инвестиция салу қажет пе?

-  Naimi.kz оперативті өтімділікке 3 айдан кейін шығуды жоспарлап отыр. Содан кейін пайда түсе бастайды.

-  Сервис нарықта қаншалықты ұсынылған? Клиенттер арасында, мысалы Алматы мен Астана клиенттері арасында басымдылықтың болуы туралы айтуға болады ма? Жобаның даму болашағы қандай болады деп ойлайсыз?

-  Сервис әзірге тек Астана мен Алматыда ғана белсенді ұсынылған. Қазақстанның барлық қалаларында белсенді бастау алуға дайындалудамыз.

-  Сервистің жұмысын жақсарту туралы айтатын болсақ, ол қалай жүзеге асуда?

-  Сервис екі маңызды нәрседен тұрады. Ол мобилдік қосымшалар арқылы жүзеге асып жатқан өтініштерді өңдеу үлгісінен, сонымен қатар жеке орындаушылар қызметінің сапасынан тұрады. Екі бағыт бойынша да жұмыс жүргізілуде.

-  Сізге бизнесті сату туралы ұсыныстар түскен жоқ па? Егер тиімді ұсыныс жасалса, жобадан шығуды қарастырасыз ба?

-  Жобаны инвестициялау туралы ұсыныстар жиі түседі, бірақ жобаны толық сатып алу ешкімге де қажет емес, себебі, бұл жобаны негізгі құрушыларынан артық ешкім істей алмайды. Сонымен қатар сервисті басқа қалалар мен өңірлерде іске қосу туралы ұсыныстар түсіп тұрады. Біз осы жылы ҚР бойынша масштабтауды жоспарлап отырмыз, ал халықаралық экспансия келесі жылы болады. Бизнесті сатуды жоспарламаймыз. Керісінше, іргелес компанияларды сатып алуды жоспарлаудамыз. Экспансияны бірінші көршілес нарықтарға жасаймыз, содан кейін алыс шетелді қамтымақпыз.

-  Жобаны жақсарту үшін қандай да болмасын әзірлемелерді сатып алдыңыздар ма немесе сатып алуды ойластырдыңыздар ма? Барлығын өздеріңіз дайындауда қаражат/уақыт бойынша қаншалықты шығындаласыздар, мұны аутсорсингке бергілеріңіз келмейді ме?

-  Naimi.kz бизнес-үлгісі ерекше, сондықтан да, өкінішке орай, нарықта әзірге дайын технологиялық шешімдер жоқ. Барлығын өзімізге дайындауға тура келеді. Тиімді менеджментте инхаус-дайындау аутсорсқа қарағанда тиімдірек. Сонымен қатар, инхаус-дайындауда өнім шыққанда сапалы болады.

-  Сізді қандай да басқа сектор қызықтырады ма? Қазақстанда жалпы мобилдік сервистерді дайындаумен ақша табу қаншалықты қиын? Салықтық жүктеме қаншалықты үлкен және шығындарды азайту үшін қандай да мүмкіндік бар ма?

-  Бізді халықаралық экспансия қызықтырады, себебі Қазақстанның нарығы өте аз. Сол себепті біздің елде технологиялық жобаларда ақша табу қиындау, себебі нарық технологияға салған инвестицияларды ақтамайды. Дегенмен, басқа нарықтарға масштабтау әбден мүмкін және қатты шығын әкелмейді.

-  Жақында АҚШ-та өткен кәсіпкерлердің жаһандық саммитіне қатысу сізге не берді? Сіз Алматыдағы "Алатау" АТП-ға қалай қарайсыз? АҚШ пен ЕО-та инновациялар ғылым барлығынан дамып жатқан жоқ, керісінше, келешекте үлкен нарықта сұранысқа ие болатындықтан көптеген әзірлемелер коммерцияланады деген пікір бар. Қазақстанда Кремнийлік алқапқа ұқсас мемлекетті құру жеткілікті ме немесе әңгіме басқа туралы болып отыр ма? Американдық алқаптың мамандарды, оның ішінде Қазақстан мен Ресейден де мамандарды тартуы жәй емес қой. Сіздің ойыңызша, олардың ерекшелігі неде?

-  Мен кремнийлік алқаптың стартап-экожүйесінің ішінде болдым. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы IT-кәсіпкерлерімен әңгімелестім және олардың тәжірибесін алдым. Бұл маған жаһандық технологиялар тренді, сонымен қатар барлық жерде стартаптар жолындағы қиындықтар туралы жаңа түсінік берді. Алқаптың кәсіпкерлері де біз сияқты адамдар, бірақ олардың экожүйесі біршама үлкен мүмкіндіктер береді. Осыған сай біздің елімізде экожүйені дамыту қажет, біз қазір сонымен айналысып жатырмыз. 

 "Алатау" АТП жаман емес шарттар ұсынады, алайда бұл жеткіліксіз. Қазақстан экожүйесінің ең үлкен қажеттілігі-бұл кадрлар. Нарықта білікті IT-мамандар болуы үшін білім беру саласында үлкен жұмыс жүргізу қажет. Нарықтың тағы бір проблемасы, бұл халықтың ғаламтор мәдениеті, сонымен қатар инвесторлардың венчурлік мәдениеті. Біздің адамдардың бұл мәдениетке үйренуі үшін көптеген жұмыстар жасау керек.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу