Апат салдарынан 2 адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Экс-әлем чемпионы, британдық ауыр салмақтағы боксшы Энтони Джошуаның жол-көлік апатынан жеңіл жарақат алған сәті әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Оқыс оқиға Нигерияның Огун штатында тіркелген.
Нигерияның Федералды жол қауіпсіздігі корпусының алдын ала мәліметінше, Джошуа мінген көлік жылдамдықты қатты асырған. Салдарынан жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.
Ресми органдар көлікті кім басқарғанын әзірше нақтыламай отыр. Қазіргі уақытта апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазір Энтони Джошуаның денсаулығы жақсы. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, Десе де, мұнан соң Нигериядағы жол қауіпсіздігі күрделене түсті.
Тергеу аяқталғанша қосымша ақпараттың жарияланбайтыны ескертілді.