Боксшы Махмұд Сабырхан ғылыми атақ алды

323

Спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Боксшы Махмұд Сабырхан ғылыми атақ алды Фото: instagram.com/mahmudsaburhan

Бокстан әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ассалаумағалейкум. Мұхтар Әуезов атындағы университетте Спорт менедженті білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атандым!

Білім нәрімен сусындатқан барша мұғалімдеріме алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін!
Білімдіге дүние жарық дейді дана қазақ. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолында пайдаға асады деп білем!", – деп жазды боксшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу