Боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды

346

Жерлесіміз Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында өзбекстандық қарсыласынан жеңілді.

Боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды Фото: olympic.kz

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабрина Чакомановамен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) мен Бибарыс Әшірбай (70 келі) ақтық сынға өткен еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 5 жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов пен таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу