Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бразилиядағы Әлем кубогын жеңіспен бастады

122

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр.

Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бразилиядағы Әлем кубогын жеңіспен бастады Фото: olympic.kz

Екінші жарыс күні Қазақстан атынан шаршы алаңға екі боксшы шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде Хассен Аттиямен (Тунис) жұдырықтасып, 5:0 есебімен басым түсті.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бағлан Кенжебек армениялық Жирайр Саргсянға жол берді. Осылайша жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетейік, үшінші жарыс күні шаршы алаңға Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу