Боксшы Наталья Богданова Олимпиада лицензиясына таласа алмайды

911

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова лицензиялық турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Боксшы Наталья Богданова Олимпиада лицензиясына таласа алмайды Фото: dknews.kz

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің 1/8 финалында 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген Богданова жеңіліс тапты.

Оның қарсыласы польшалық Анета Ригельска болатын.

Ригельска жекпе-жектің басында аздаған басымдыққа ие болып, соны айқастың соңына дейін сақтап қалды.

Осылайша, Наталья Богданова Олимпиада лицензиясы үшін күрестен тыс қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу