Боксшыларымыз Ресейдегі турнирден 11 медальмен оралды

457

Қазақстандық боксшылар 15-19 сәуір аралығында Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

Боксшыларымыз Ресейдегі турнирден 11 медальмен оралды Фото: Бокс федерациясы

Қазақстан құрамасы жалпы саны 11 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 4 күміс және 5 қола.

Алтын медаль иегерлері:

Сәкен Бибосынов (54 келі) ресейлік Денис Пальшинді төрешілердің шешімімен (5:0) жеңді.

Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ресейлік Орудж Мамедовты да 5:0 есебімен ұтты.

Күміс медаль иегерлері:

Сағындық Төгамбай (92 келі) ресейлік Сергей Слободянға есе жіберді.

Айдана Забынбекова (57 келі) Солтүстік Кореялық Сон Хен Куға 0:5 есебімен жол берді.

Римма Волосенко (60 келі) ресейлік Ирина Автинаға 2:3 есебімен жеңілді.

Ұлдана Таубай (66 келі) КХДР спортшысы Хоан Хе Суға 0:5 есебімен ұтылды.

Қола медаль иегерлері: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Жандос Қыдыралиев (63,5 келі), Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 келі), Гүлнар Тұрапбай (50 келі), Аружан Жанабаева (66 келі)

Турнирге Азия, Еуропа, Куба және Конго сияқты 16 мемлекеттен келген 150-ден астам спортшы қатысты.

Жарыстар Хабаровск қаласындағы "Платинум Аренада" өтті және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу