Жартылай финалда ол Қытай өкілі Лю Чуанды айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Махмұд Сабырхан финалда бақ сынайтын бесінші қазақстандық атанды.
Махмұд Сабырхан бұған дейін 2023 жылы әлем чемпионы, 2021 жылы әлемнің күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар, 2024 жылы Азия чемпионы, 2022 жылы күміс медаль иегері болған.
Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) мен Санжар Тәшкенбай (50 келі) де финалға шыққан еді. Ал алдағы жекпе-жектерде Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.
Сонымен қатар, 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі) мен Айбек Оралбай (+90 келі) финалға жолдама алды.
Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (+80 келі) қола жүлдемен шектелді.