Бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына қос қола медаль түсті

230

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері тамаша өнер көрсетуде. 

Бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына қос қола медаль түсті

Виктория Графеева 60 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте бразилиялық Ребека де Лима Сантосқа 4:1 есебімен жол берді. 

Елдана Талипова Польша боксшысы Агата Кацмарскаға 0:5 есебімен жол берді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны екінші қола жүлдемен толықты.

65 келідегі Аида Әбікеева ирландиялық Грэйн Мари Уолшты 5:0 есебімен жеңіп, қазақстандық боксшылар арасынан алғашқы болып әлем чемпионатының финалына шықты. 

Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионатының жартылай финалында Айбек Оралбай кубалық Хулио цезарь Ла Крузды 3:2 есебімен жеңді. Енді финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырық түйістіреді. 

Ал бүгін қазақстандық бокшылардың қатысуымен тағы бірнеше жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. 
13 қыркүйек 1/2 финал

Күндізгі сессия, 16:00
48 келі. Назым Қызайбай - Сабина Бобокулов
50 келі. Санжар Тәшкенбай - Алехандро Кларо Физ
55 келі. Махмұд Сабырхан - Лю Чуанг
Кешкі сессия, 22:00
51 келі. Алуа Балқыбекова - Ксиню Кю
70 келі. Наталья Богданова - Шантель Рейд
70 келі. Төрехан Сабырхан - Одель Камара

Айта кетейік, Ливерпульдегі әлем чемпионатына барлығы 20 қазақстандық былғары қолғап шебері қатысты. Ертең, 14 қыркүйек соңғы жарыс күні финалдық айқастар өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу