banner

Бокстан ел чемпионаты өтуде

2186

Бокстан Азия чемпионаты аяқтала салысымен былғары қолғап шеберлері ел чемпионадырын анықтау үшін Павлодарда бас қосты.

Бокстан ел чемпионаты өтуде Фото: kfb.kz

Павлодар қаласындағы "Баянтау" спорт сарайында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуде. Биыл әр өңірден келген таңдаулы 216 былғары қолғап шебері 9 желтоқсанға дейін сынға түспек. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Тарихқа үңілер болсақ, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы чемпионаты осы облыстағы Екібастұз қаласында 1993 жылы ұйымдастырылған. Ал 2016 жылы Кереку өңірі еліміздегі басты бәсекені 2-мәрте қабылдады. Арада көп уақыт өтпей шаршы алаң шеберлері мұнда қайта жиналды.

Осы күндері республикалық маңызы бар 3 қала мен барлық 17 облыстың командасы күш сынасуда: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, БҚО, Жамбыл, Жетісу, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан, Ұлытау және Астана, Алматы мен Шымкент.

IBA ережесі бойынша 13 салмақтың (48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75,80, 86, 92, +92 кг) чемпионы мен жүлдегерлері белгілі болады. Чемпионатқа 2004 жылға дейін дүниеге келген спортшылар қатысады. Жекпе-жектерде 20-ға жуық төреші қызмет етеді. Қазылар алқасының төрағасы, халықаралық дәрежедегі төреші – Қайрат Жаманқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу