Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

347

Қайрат Сәтжанов қызметінен кетті. 

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бұған дейін Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамызынан Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болды. Оның жетекшілігімен ерлер командасы халықаралық ареналарда табысқа жетіп, әлем чемпионатында жүлде алды. 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты қызметтен кетті.

Айта кетейік, бір жылда тәжірибелі маман Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен 7 қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағына қол жеткізді. 

Сәтжановтың орнына Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды. Ол 1975 жылы туған, жаттықтырушы мансабын 2016 жылы бастаған. 2024 жылдың тамызынан бері Ұлттық құрамада жұмыс істеп, екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайды және басқа да боксшыларды тәрбиелеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу