Бокстан Олимпиада тарихында тұңғыш рет гендерлік теңдік сақталатын болды

Бұл туралы Халықаралық Олимпиадалық комитеті World Boxing ұйымының ресми сайты жазды.   

Бокстан Олимпиада тарихында тұңғыш рет гендерлік теңдік сақталатын болды Фото: dailysabah.com

Онда 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесін бекіткен кесте жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анығы, ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Жалпы жарысқа 248 спортшы қатыспақ. 124 боксшы ерлер арасында бақ сынаса, қалғаны әйелдер арасында өзара мықтыны анықтайды.

Жаңа іріктеу жүйесінде бірнеше кезең қамтылған. Олимпиада жолдамалары 3 әлемдік турнир мен 5 құрлықтық жарыста белгілі болады.

Іріктеу кезеңі 2027 жылы Қазақстанда өтетін World Boxing әлем чемпионаты аясында басталады. Кейін 2027 және 2028 жылдары құрлықтық іріктеу турнирлерінде жалғасады.

Ал Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2028 жылғы 2 әлемдік квалификациялық турнирмен аяқталмақ. Жақын арада World Boxing жарыстарды өткізуге өтінім қабылдауды бастайды.

Жаза кеткен жөн, World Boxing Олимпиадаға іріктеу жүйесін де, Лос-Анджелестегі Олимпиаданы да өз бақылауында ұстайды.

Жүлделер қай салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынады?

Ерлер:

  • 55 келіге дейін;
  • 60 келіге дейін;
  • 65 келіге дейін;
  • 70 келіге дейін;
  • 80 келіге дейін;
  • 90 келіге дейін;
  • 90 келіден жоғары.

Әйелдер:

  • 51 келіге дейін;
  • 54 келіге дейін;
  • 57 келіге дейін;
  • 60 келіге дейін;
  • 65 келіге дейін;
  • 70 келіге дейін;
  • 75 келіден жоғары.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу