"Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорттық турниріне қатысу үшін Қырғызстан мен Өзбекстанның спорт саласындағы өкілдері Астанаға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елорда әуежайында Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Урмат Асанбаев, Қырғыз Республикасының құрметті азаматы, профессор Хабибула Файзулаұлы Анарқұлов және Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамовты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды.
Шетелдік делегациялар 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін халықаралық турнирдің ашылу салтанаты мен ресми іс-шараларына қатысады.
"Болашақ ойындары – 2026" бәсекесіне әлемнің 35 елінен 800 спортшы қатысып, спорттың сегіз дисциплинасы бойынша бақ сынайды.