Болашаққа нақты қадам жасайық!

785

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бақыт Рахимбеков Жайнақ батыр ауылының тұрғындарымен онлайн кездесті.  

Болашаққа нақты қадам жасайық!

Кездесу барысында алдымен өзімді таныстырғаннан кейін "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын атап өттім. "Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына кеңірек тоқталып, оның жеті басым бағытын айттым. Ауданымызда дамудың жеті басымдығын анықтап алған "Nur Otan" партиясы филиалының басты мақсаты – "халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау" деп алған болатын.

Экономикалық тұрақты аудан;
Қолайлы аудан;
Әлеуметтік бағдарланған аудан;
Жастарға арналған аудан;
Тарихы мен мәдениеті бай аудан;
Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
Қауіпсіз аудан.

Кербұлақ ауданы –  Алматы облысының  аграрлы аймағы. Ауданның жалпы жұмыспен қамтылған халқының 65%-дан астамы ауыл шаруашылығымен айналысады. Аграрлық сектордың тұрақты жұмысының арқасында COVID-19 пандемиясы жағдайында ауданымызда жұмыстан шығарылу немесе қысқарту жағдайлары болмады. "Nur Otan" партиясы ауданымызға инвестицияларды тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Осы жобаларды іске асыру арқылы аудан тұрғандарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, заман талабына сай өмір сүру деңгейінің әлдеқайда жоғарылатылатынын, осы жылы Жайнақ батыр ауылының көшелері толығымен жарықтандырылғанын айттым.

Жайнақ батыр ауылының тұрғындарымен онлайн тілдесу барысында бірнеше сұрақтар қойылды. Дәлірек айтсақ, Жәмилә Шүйімбекова интернеттің нашарлығы жайында сөз қозғады. "Актив", "Теле2", "Билайн" желілерінің бірін орнату үшін ауыл тұрғындары жиылып, оларға өтініш білдірулері керек екенін, аудандық білім бөліміне оптикалық интернет (оптоволокно) қостыруға ұсыныс жазу керектігін, егер осы желіні орнатса, онда бір мектепте отыз нүктеге дейін орнатуға болатынын, сонымен қоса уайфайды да таратынын, олардың жылдамдығының өте жақсы екенін түсіндіріп бердім.

Сондай-ақ, Жайнақ батыр ауылының тұрғындарынан орталық көшелердегі су ағатын арықтарға лотоктар қойылса екен деген өтініш түсті. Қойылған сұрақтар бойынша жұмыстар атқарылатынын айттым.

Кездесу соңында сайлау болатын күні бірауыздан сайлау учаскесіне келіп, "Nur Otan" партиясына дауыс берулерін жеткіздім.

"Nur Otan" партиясы Алматы облысы Кербұлақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу