Қазақстандық джиу-джитсуші Болатбек Сейілхан Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы қола жүлде үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс, Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде алған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу