Болгарияда тұманда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты

892

Елдің Ішкі істер министрлігі апаттың себебін қою тұман деп атады.

Болгарияда тұманда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты Фото: kmeta.bg

Болгария астанасы Софияны Бургас қаласымен жалғайтын "Тракия" автомагистралінде қою тұман салдарынан екі ірі жол апаты болып, 86 көлік соқтығысқан. Апаттан 12 адам қаза тауып, тағы 50 адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы 10 қарашада Ямбол қаласы маңында, "Зимница" және "Кабиле" жолайрықтарының арасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, алғашқы апат жүк көлігі мен жолаушылар автобусының соқтығысуынан басталған. Кейін оқиғаға басқа көліктер, соның ішінде астық тиеген жүк көлігі де қатысқан.

Ішкі істер министрлігінің бас хатшысының міндетін атқарушы Любомир Николовтың айтуынша, апат болған аумақты кенеттен қою тұман басқан. Куәгерлердің сөзінше, көріну қашықтығы 70–80 метрден 10 метрге дейін қысқарған.

Оның болжамынша, қарсы бағыттағы екінші жаппай соқтығыс жүргізушілердің алғашқы апатқа назар аударуынан болуы мүмкін.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Апатқа байланысты автомагистральдің екі бағытындағы қозғалыс тоқтатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу