Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іріктеу сынының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды.
Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов екінші нәтижемен шешуші кезеңге өтті. Осы бағдарламада Роман Хегай іріктеуде жетінші орын алып, финалға шықты.
Нуртан Идрисов сақинадағы жаттығуда жүлдеге таласады. Қазақстандық гимнаст іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу