"Боран" ғарыш кемесі мемлекет меншігіне қайтарылмайтын болды

Заң бойынша мүлікті бөлу тек акционерлік қоғам жабылғанда ғана жүзеге асады.

"Боран" ғарыш кемесі мемлекет меншігіне қайтарылмайтын болды

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің "Байқоңыр" ракеталық-ғарыш компаниясын жауып, "Боран" ғарыш кемесі мен макетін мемлекет меншігіне қайтару туралы шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Inbusiness тілшісі. 

"МАЭС-те аталған комитеттің "Байқоңыр", Аэроғарыш комитетінің "Инфракос", "Корелев атындағы "Энергия" корпорациясына қарсы шағымы қаралып, онда бір компанияны жабу, жарғылық капиталына қосылған мүлікті қайтару, директорлар кеңесін заңсыз деп, қаражатты қайтару туралы шағым қаралып, қанағаттандырылмады", – деп жазылған соттың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Оған басты себеп – акция 2004 жылдың 8 қыркүйегінде Ұлттық банкте тіркелген. Соның негізінде компания жабылмайды. 

Соттың мүлікті қайтару туралы талапты қанағаттандырмауына себеп - заң бойынша мүлікті бөлу тек акционерлік қоғам жабылғанда ғана жүзеге асады.
Сот сондай-ақ директорлар кеңесінің отырысындағы хаттамаларды заңсыз деп тану туралы талаптың уақыты өтіп кеткен деп шешкен. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Айта кетейік, "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырдағы "Боран" ғарыш кемесі мен макетін сатып алғысы келетінін айтқан. Кейін "Байқоңыр" РҒК" АҚ директоры Дәурен Мұса ғарыш кемесі мен макетін өзі басқаратын компания меншігі екенін хабарлаған. Қазақстан тарапы бұдан кейін ғарыш кемесін мемлекет меншігіне қайтарып, сотқа "Байқоңыр" АҚ-ны жабу туралы арыз түсірген.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу