Боранбаев "Қайрат" футбол клубына қатысты мәселеге нүкте қойды

Ол алматылық команда жайындағы соңғы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

Боранбаев "Қайрат" футбол клубына қатысты мәселеге нүкте қойды Фото: kazfootball.kz

Осылайша, "Қайрат" футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев бапкерлік ауыс-түйіс туралы түйінді толық тарқатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін отандық сайттар мен әлеуметтік желілерде алматылық клуб басшылығының команданың нәтижесіне көңілі толмайтыны жазылды. Сол себепті, бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің орнына Алексей Шпилевскийдің қайта келуі мүмкін екені жайлы ақпарат та қоса шықты.

Десе де, Қайрат Боранбаев аталған мәліметтерді жоққа шығарды. Оның сөзінше, мұндай ақпаратты командаға жаны ашымайтындар таратқан. 

– Мұны кімдер жазып отырғанын түсінемін. Олар командаға іріткі салғысы келеді. Рафаэль Уразбахтин – Қазақстандағы ең үздік бапкер, – деп нақтылады Қайрат Боранбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу