Boxam Elite турнирі: Қазақстандық боксшылар алғашқы жарыс күнін қалай өткізді

107

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Испанияда өтіп жатқан беделді халықаралық Boxam Elite турниріне қатысуда.

Boxam Elite турнирі: Қазақстандық боксшылар алғашқы жарыс күнін қалай өткізді Фото: boxingkazakhstan

60 жылдық тарихы бар жарыс биыл да әлемнің әр түкпірінен жиналған мықты былғары қолғап шеберлерін тоғыстырды.

Турнирге Қазақстан атынан ерлер арасында жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен 18 боксшы, ал әйелдер арасында Елдос Сайдалин бастап барған 14 спортшы бақ сынап жатыр.

3 ақпанда жарыстың алғашқы күні өтіп, қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. 70 келі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан турнирді жеңіспен бастап, Кабо-Верде елінің өкілі Аилтон Монтейроны жеңді.

60 келіде Дәулет Молдашев Англия боксшысы Джейк Драйденге 2:3 есебімен жол берді. 65 келі салмақта өнер көрсеткен Санатәлі Төлтаев канадалық Габриэль Лабримен кездесіп, екінші раундта қарсыласының қабағы жарылуына байланысты жекпе-жек тоқтатылды. Техникалық шешім бойынша жеңіс Лабриге берілді – 0:3.

70 келіде Нұрбек Мұрсал Тайланд боксшысы Виттайя Чансомды үшінші раундта нокаутқа түсірді. 75 келі салмақта Аман Қонысбеков Польша өкілі Лукаш Зыгуланы 5:0 есебімен айқын жеңді. 80 келіде Ерасыл Жақпеков канадалық Джошуа Офориға 4:1 есебімен басым түсіп, үшінші раундта қарсыласына нокдаун есептелді. Осы салмақта Азамат Бектас Украина боксшысы Джамал Кулиевті 3:2 есебімен жеңді.

Әйелдер арасындағы жекпе-жектерде 54 келіде Сымбат Әлиасқар Үндістан боксшысы Притиге жол берді. 57 келі салмақта Шахназ Исаева Нидерланды өкілі Габриэле Вирхеймнен жеңілді. 60 келіде Аяжан Ермек нидерландылық Мауд ван дер Торннан ұтылды. Ал 65 келі салмақта Назерке Серік Швейцария боксшысы Анна Дженниді жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Осы салмақтағы тағы бір кездесуде Әсем Таңатар Үндістан боксшысы Каялаға есе жіберді.

Осылайша, жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының 6 боксшысы турнирдегі өнерін аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу