Бозшакөлдегі мыс өндірісі неге азайды?

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
10392

Биыл қанша мыс өндірілетіні белгілі болды.

Бозшакөлдегі мыс өндірісі неге азайды?

2019 жылдың алғашқы алты айында КAZ Мinerals тобы 147,6 мың тонна мыс өндірді. Былтыр дәл осы уақытта 139,6 мың тонна қазба байлық игерілген еді.  

Бірінші жартыжылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен байыту фабрикасы -74,1 мың, Павлодар облысындағы Бозшакөл кен байыту фабрикасы - 47,1 мың және бір бөлігі Шығыс Қазақстан, бір бөлігі Қырғызстанда орналасқан Бозымшақ кенішінен - 26,4 мың тонна мыс алынды.

Айта кетейік, КAZ Мinerals тобы жыл соңына дейін 300 мың тонна мыс өндіруді жоспарлап отыр.

"Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында мыс өндірісін 11%-ға арттырдық. Жоспар орындалады", – деді KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам.

Оның айтуынша, Ақтоғай кен байыту фабрикасы кен өндіру көлемін 27%-ға арттырған.

"Сульфидті кеннен мыс өндіру көлемі бірінші жартыжылдықта 27%-ға ұлғайды. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш бұдан 13,3 мы тоннаға кем еді. Екінші тоқсанда сульфидті кеннен 31,3 мың тонна мыс өндірілді. Оксидті кеннен катодты мыс өндіру бірінші жартыжылда 11,8 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық болды. Ал екінші тоқсанда өндірілген катодты мыстың көлемі - 6,1 мың тоннаға жетті", – деді басқарма төрағасы Эндрю Саузам.

Ол Бозшакөл кен байыту фабрикасының нәтижелерін де тілге тиек етті.

"2019 жылдың алғашқы алты айында кендегі мыстың орташа үлесі азайды. Салдарынан өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 49,8 мың тонна мыс өндірісіне қол жеткізе алмадық. Есептік кезеңде 47,1 мың тонна мыс өндірілді. Бұған Бозшакөл кен байыту фабрикасында сульфидті кен өңдейтін диірмен қаптамасының жоспарлы түрде ауыстырылуы да себеп болды. Алдын ала жүргізілген зерттеу бойынша Бозшакөлдегі мыс өндірудің жылдық жоспарлы көрсеткіші 105-115 мың тоннаға жетеді", – деді Эндрю Саузам.

Басқарма төрағасының сөзінше, биыл Бозымшақ кеніші 55 мың тонна мыс өндіреді.

"Бозымшақ кенішінен бүгінге дейін 26,4 мың тонна мыс алынды. Жыл соңына дейін нәтиже еселенеді", – деді Эндрю Саузам.

Белгілі болғандай, былтыр КAZ Minerals 295 мың тонна мыс өндірген. Ал ілеспе өнім ретінде нарыққа 50 мың тонна концентратталған мырыш, 183 мың унция алтын, 3,511 мың унция күміс ұсынған.

Абылай Бейбарыс