Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Брайль қарпімен басылған жаңа Конституцияның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба зағип және нашар көретін азаматтардың Ата Заңды қолжетімді форматта оқуына жағдай жасап, олардың құқықтарын қорғау мен қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал етеді.
Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, заңгерлер және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Жиында Конституцияның қолжетімді болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатыны айтылды.
Брайль қарпімен басылған Конституция алдағы уақытта өңірлердегі арнайы кітапханалар мен тиісті мекемелерге таратылатын болады.