Бразилия мен Марокко жеңімпазды анықтай алмады

109

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясында С тобындағы бірінші турда Бразилия мен Марокко құрамалары 1:1 есебімен тең түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бразилия мен Марокко жеңімпазды анықтай алмады Фото: xoilaczeez.tv

Кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы әйгілі "Метлайф" стадионында өтті. Матчты словениялық төреші Славко Винчич басқарды.

Ойынның 21-минутында Марокко құрамасы есеп ашты. Жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари қақпашы Алисон Бекерді қапы қалдырып, допты торға тоғыстырды. Алайда Бразилия құрамасы көп ұзамай жауап қайтарды. 32-минутта Винисиус Жуниор есепті теңестірді.

Қалған уақытта екі команда да бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, матчта жеңімпаз анықталмады.

Келесі турда Бразилия Гаити құрамасымен, ал Марокко Шотландиямен кездеседі. Үшінші турда бразилиялықтар Шотландияға қарсы ойнаса, марокколықтар Гаити құрамасымен шеберлік байқасады. Ал топтағы алғашқы турдың қалған ойынында Шотландия мен Гаити өзара кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу