Бриджиду "Каспий" сапына ауысты

839

Трансфер жаңалықтары қазір күн санап емес, сағат санап жаңарып жатыр. Сонымен, ел футболында не қызық?

Бриджиду "Каспий" сапына ауысты

Танымал португалдық ойыншы ҚПЛ клубымен келісімшартқа отырды. Жартылай қорғаушы Рубен Бриджиду мансабын "Каспиде" жалғастыра бермек. 31-жасар футболшы "Каспиге" 2022 жылдың жазында келіп қосылған болатын. ҚПЛ аясында ол ақтаулық ұжым үшін 9 ойын өткізіп, 2 гол салған еді. Бриджиду үшін қазақстандық командалар тансық емес. Жартылай қорғаушы "теңізшілерден" бөлек, "Тобыл" және "Ордабасы" ұжымдарында доп тепті. Еске салайық, ҚПЛ өткен маусымын "Каспий" 9 орынмен аяқтаған болатын.

Қарағандылық "Шахтер" Түркиядағы жаттығу жиынында "Орхус" ФК кездесіп, 3:1 есебімен есе жіберді. Матчтың бірінші бөлігі 1:1 есебімен аяқталған болатын. Одан кейін, даттықтар ойындағы басымдылықты қолға алып, жеңіске жетті. "Кеншілер" сапынан жалғыз голды Рохер Каньяс салды. 

"Шахтер" бірінші таймды мына құраммен бастады: Шацкий, Горизанов, Толордава, Букорац, Алишаускас, Каньяс, Тұтқышев, Захаренко, Пайруз, Галкин, Флюк.

Мачтың екінші бөлігінде Цуприков, Савкив, Төлебай, Мұхаметжанов, Вагнер, Назымханов, Перцух, Алтынхан, Чогадзе, Князев, Свиридов.

"Орхус" - Данияның 5-дүркін және Дания кубогінің 9-дүркін чемпионы. 

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы, 2019 жылдан бері кәсіби түрде футбол ойнамаған Қонысбаев спорттық мансабымды жалғайын десем командалар тарапынан ұсыныс жоқ дейді.

 

"Қпл ұжымдарынан менің тарапыма деген ұсыныстар келіп түскен жоқ. Менің кәсіби футболдағы мансабым бұлыңғыр болып тұр. Медиафутболда өнер көрсете беремін".

Еске салайық, Қонысбаев Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жалпы алғанда 32 ойын өткізіп, 3 гол салған болатын. Клубтық деңгейде ол, "Тараз", "Шахтер", "Астана", "Атырау", "Ақтөбе", "Қайрат" және "Оқжетпес" қатарларында доп тепті. Қазір Ұлан медиалигада Sparta намысын қорғап жүр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу