Британдық БАҚ: "Халл Сити" Дастан Сәтпаевты "Челсиден" жалға алуы мүмкін

401

Ағылшындық "Халл Сити" лондондық "Челсиге" қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты жалға алу бойынша сұраныс жіберді.  

Британдық БАҚ: "Халл Сити" Дастан Сәтпаевты "Челсиден" жалға алуы мүмкін Фото: chelseafc.com

"Көктердің" басшылығы 2026/27 маусымында шабуылшыға тұрақты ойын тәжірибесін беру үшін оны жалға жіберуді көздеп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025/26 маусымының қорытындысы бойынша "Халл Сити" Чемпионшип плей-офф финалында "Мидлсброны" 1:0 есебімен жеңіп, АПЛ-ға жолдама алды.

Маусымалды Sydney Super Cup турнирі аясында Сәтпаев "Уэстерн Сидней Уондерерске" қарсы кездесуде (6:4) өз алаңынан жеке өтіп, "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты. Бұл соққы австралиялық турнирдің үздік голы деп танылды және ол Хаби Алонсоның басшылығымен лондондықтар соққан алғашқы гол болды.

Бұдан бөлек, Сәтпаев "Тоттенхэм" (1:2) мен туриндық "Ювентуске" (0:1) қарсы ойындарда да алаңға шықты.

Қазақстандық форвард 12 тамызда 18 жасқа толып, кәмелет жасына жетіп лондондықтардың толыққанды ойыншысы атанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу