Британдық жанкүйерлер Дастан Сәтпаевтың алаңға оралуын асыға күтіп жүр

CarefreeYouth аккаунты X әлеуметтік желісінде қазақстандық шабуылшыға қатысты пікір білдірді.

Британдық жанкүйерлер Дастан Сәтпаевтың алаңға оралуын асыға күтіп жүр Фото: burnleyfc.com

Олар КПР-ға қарсы матчта "Бернли" клубының сапында Дастан Сәтпаевтың болмауына қатты алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаза кеткен жөн, қазақстандық футболшының қатардан тыс қалуына санның артқы бұлшықетінің жарақаты себеп болған.

Чемпионшиптің 14-туры аясындағы КПР-ға қарсы матч Лондондағы "Лофтус Роуд" стадионында өтті.

– Сәтпаев жарақатына байланысты команда құрамына енбеді. Халықаралық үзілістен кейін қатарға қосылады деп үміттенемін. Сондай-ақ, жаңа бас бапкер маусым барысын өзгерте алады деп сенемін. Өйткені, қазір команда төменгі лигаға түсіп қалу аймағында тұр, – деп жазады CarefreeYouth.

Челестини қазан айының соңында Никки Хайеннің орнына "Бернлидің" бас бапкері болып тағайындалған еді.

Чемпионшиптің 13-турында команда 9 ұпай жинаса, КПР-мен тең түсіп, қоржынын 10 ұпайға жеткізді. Қазір команда 22-орынға жайғасқан. Клубқа төменгі лигаға сырғу қаупі төніп тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу