Бублик пен Голубев Ролан Гарростың жартылай финалына шықты

1845

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бублик пен Голубев Ролан Гарростың жартылай финалына шықты

Қазақстандық жұп Франция ашық чемпионатының ширек финалында монаколық Хьюго Нис - германиялық Тим Пюцпен күш сынасты. Бублик пен Голубев матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейкпен есепті 5:2-ге жеткізді. Бұдан кейін монаколық-германиялық жұп есепті қысқартқанымен, сет қазақстандықтардың еншісінде кетті – 6:4. 

Жерлестеріміз екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылықты сақтап, кездесуді сәтті аяқтады – 6:4. Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды. Голубев пен Бублик дуэті финалға шығу үшін испаниялықтар Пабло Андухар – Педро Мартинес жұбымен таласады.

Сонымен қатар Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты.

Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда осы Франция ашық чемпионатының 3-ракеткалары, америкалық Николь Меличар – нидерландылық Деми Схюрспен күш сынасты. Бірінші партия барысында америкалық-жұп 4:3 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Рыбакина мен Павлюченкова брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық-ресейлік жұп брейк жасай алды – 4:2. Ақыры Елена Рыбакина матчқа допты жақсы берді – 6:3. Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалға өту үшін Польша өкілі Магда Линетт – америкалық Бернарда Перамен шеберлік байқасады.
Бүгін Рыбакина мен Павлюченкова жекелей сында "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалына шығу үшін таласатын болады. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 17:15-те басталады. Айта кетейік, жекелей сында соңғы матчта Елена атақты Серена Уильямсты жеңіп, сенсация жасаған еді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу