Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан намысын Олимпиаданың қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев қорғайды. Ол 66 келі салмақта өнер көрсетеді.
Тәжірибелі спортшымыз Будапешттегі бәсекені 1/16 финалдан бастайды. Алғашқы қарсыласы германиялық Мартин Зец пен қытайлық Сюэ Цзыян арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.
Ғұсманның тобындағы спортшылар оңай қарсыластар емес. Мұнда аталған салмақ дәрежесінің әлемдік рейтингінде көш бастап тұрған тәжікстандық Нурали Эмомали де бар.
Тартысты белдесулер Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады, ал финалдық кезең 21:00-де өтеді. Белдесулерді Qazsport телеарнасынан және Judotv.com сайтынан тамашалауға болады.