Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Иранды айыптап, елдің әскери әрекеттеріне жауап ретінде америкалық және одақтастар тарапынан соққылардың күшеюі мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Онда жаңа аймақтар мен топтар бұрын мақсат етілмеген жерлерден де нысанаға алынуы мүмкін екенін ескертті.
"Бүгін Иранға өте ауыр соққы беріледі! Иранның теріс әрекеттеріне байланысты, осы уақытқа дейін нысанға алынбаған кейбір аймақтар мен адамдар топтары енді толық жойылу және өлім қаупі астында қалады", – деп жазды ол.
Трамптың жазбасында бұл сөздер Иран Президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге кешірім сұрағаннан кейін айтылды деген пікір де берілген.