Бүгін Демеу Жадыраев бастаған грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатында сынға түседі

170

Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен жылдың басты бәсекесі - әлем чемпионаты өтуде. 

Бүгін Демеу Жадыраев бастаған грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатында сынға түседі

Әлем чемпионатында сынға түсетін ұлттық құрама сапына Олимпиада, әлем және Азия чемпионатында жүлде алған тәжірибелі палуандармен қатар түрлі жас санатындағы ірі жарыстарда тұғыр сатысына көтерілген жас спортшылар енді.

Еркін күрес шеберлері арасында сайыстар аяқталып, бүгін грек-рим күрсінен жарыстар басталады. Сондай-ақ балуандырымыздың қарсыластары да анықталды. Жеребе нәтижесі: 

55 кг, 1/8 айналым: Марлан Мұқашев - Артём Деляну (Румыния)

60 кг, іріктеу: Айдос Сұлтанғали - Максвелл Хоппер Блэк (АҚШ)

63 кг, 1/8 кезең: Ержет Жарлықасын - Чан Ким (Солтүстік Корея) немесе Стефан Роджер Клемент (Франция) 

67 кг, 1/16 айналым: Дін-Мұхамед Қошқар - Славик Галстян (Армения) 

72 кг, іріктеу: Мерей Мәулетқанов - Липаста Матиас Олави (Финляндия)

77 кг, 1/16 айналым: Демеу Жадыраев - Йонни Куннари Сарккинен (Финляндия) 

82 кг, іріктеу: Альмир Төлебаев - Рахул (Үндістан)

87 кг, іріктеу: Ислам Евлоев - Лаша Гобадзе (Грузия) 

97 кг, Рахат Бержанов - Георгий Мелия (Грузия)

130 кг, 1/8 айналым: Әлімхан Сыздықов - Намбардагва Батбаяр (Моңғолия) немесе Николай Кучмии (Украина) 

Бүгін 15:30-да грек-рим күресінен -55, -77, -82, -130 кг салмақтағы іріктеу кезеңі басталады. Ал жартылай финалдар 19:30-ға жоспарланған. Спортшыларымыздан бүгін Марлан Мұқашев, Демеу Жадыраев, Альмир Төлебаев,  Әлімхан Сыздықов сынға түседі. 

Айта кетейік, Демеу Жадыраев - Париж олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ал, Әлімжан Сыздықов - Париж олимпиадасының қатысушы, 1/4 финалға дейін жетті. Азия ойындарының қола жүлдегері

Сондай-ақ бүгін 53 кг, 62 кг, 68 кг, 72 кг салмақтарда әйелдер арасында жұбаныш белдесулері ме финалдық жекпе-жектер өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу