Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалистері белгілі болады

Бір қызығы, бұған дейінгі қос ойында да 1:3 есебі тіркелген-ді.  

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалистері белгілі болады Фото: ҚФФ

Демек, алғашқы матчта есе жібергендер барынша қарымта қайтаруға тырысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалдық жолдама иелері анықталмақ. 

18:00-де "Алтай" өз алаңында "Ордабасыға" қарсылас атанады. Жартылай финалдың алғашқы матчында шымкенттіктер 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Ал 19:00-де "Жеңіс" пен "Қайсардың" кездесуі басталады. Бірінші ойында қызылордалықтар да 3:1 есебін тіркеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу