Бүгін футзалдан Чемпиондар Лигасында қос командамыз сынға түседі

159

Соңғы ойында алматылық ұжым Бельгияда 7:3 есебімен жеңіске жетсе, ал семейліктер "Пьяст" командасымен 3:3 есебімен тең түскен болатын. 

Бүгін футзалдан Чемпиондар Лигасында қос командамыз сынға түседі

Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта кездесу өтеді. "Қайрат" өз алаңында бельгиялық "Андерлехтті" қабылдайды. Матч 20:00-де Балуан Шолақ аренасында басталады. Кездесуді QazSport арнасынан тамашалай аласыздар.

Ал, Польшаның Гливице қаласында "Семей" Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Пьяст" командасымен шешуші матч өткізеді. Ойын 23:00-де басталады. Тікелей эфир QazSport арнасында көрсетіледі.

1/4 финал матчтары 23 ақпан мен 6 наурызда өтеді. Тізімде алғаш көрсетілген командалар алғашқы ойынды өз алаңында қабылдайды.

 “Йорринг” / “Этуаль” – “Семей” / “Пяст”
 "Хит” / “Пальма” – “Приштина 01” / “Рига”
 “Араз” / “Бенфика” – АЕК / “Спортинг”
 “Спортинг-Андерлехт” / “Қайрат” – “Луксол Сент-Эндрюс” / “Картахена”

Төрт ширек финалдық жұптың жеңімпаздары 8-10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтетін финалдық турнирге жолдама алады. Жартылай финалдың жеребесі бөлек тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу